$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сынның астында қалған Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері жұмысынан босатылды

Ол жағдайы ауыр науқас жансақтау бөліміне бірнеше сағат бойы кіре алмағаны үшін сынға ұшыраған еді

Сынның астында қалған Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері жұмысынан босатылды
exk.kz

Сынның астында қалған Павлодар облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері жұмысынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

«Ардақ Күзеков қызметінен өз қалауы бойынша кетті. 1 қарашадан бастап жұмыстан босату туралы өтініш жазды», - делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінде.

Ол бес жастағы, жағдайы ауыр науқас Әл-Тайыр Ихсанов жансақтау бөліміне бірнеше сағат бойы кіре алмағаны үшін сынға ұшыраған еді. Аурухана басшылығының немқұрайлылығы көпшіліктің ашуын келтірді. Олар бас дәрігердің отставкаға кетуін талап еткен болатын. Баланың анасы Әл-Тайырдың ахуалы әлі ауыр екенін айтады.

«Егер жансақтау бөлмесіне уақытылы жатқызылғанда мұндай зардабы болмас еді. Бірер күнде баламның миына күрделі ота жасалады», - дейді әйел.

Желі тұтынушыларының наразылығы басқарманың Instagram-дағы парақшасына экс-басшы туралы ақпарат шыққан соң тіпті өрши түсті. Онда дәрігердің министрліктен және BalaJan медицина қызметкерлері кеңесінен «Алтын тақта» сыйлығын және «Ана мен балаға мейіріммен қарайтын аурухана» мәртебесін алғаны жазылған.

Серіктес жаңалықтары