$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде интимдік қызмет көрсететін массаж салоны анықталды

Аталған факті бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі күдікті ретінде ұсталды

Өскеменде интимдік қызмет көрсететін массаж салоны анықталды
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында интимдік қызмет көрсетілген массаж салоны анықталып, жеңіл жүрісті 4 қыз ұсталды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Департамент мәліметінше, тәртіп сақшылары Өскемен қаласындағы массаж салондарының бірінде жеңгетайлық фактісін анықтаған. Онда боди-массаж деп аталатын эротикалық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген.

«Қызмет құны 15-20 мың теңге аралығында болған. Аталған факті бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі күдікті ретінде ұсталды. Ол интернеттегі сайттар арқылы клиент тауып отырған. Оқиға орнынан клиенттің өзіне көрсетілген интимдік қызметі үшін төлеген ақшасы тәркіленді», - делінген ақпаратта.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес әйел адам мүлкін тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, полицейлер Өскеменге басқа қаладан жұмыс істеуге келген 18 бен 31 жас аралығындағы 4 жеңіл жүрісті қызды ұстады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары