ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

«14 мың теңге салып, 114 мың ал». Прокуратура астаналықтарды абай болуға шақырды

Соңғы кездері мессенджерлерде «Қара касса» ойыны тарап жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға және табыс табудың күдікті тәсілдеріне қызықпауға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Соңғы кездері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Қазан» немесе «Қара касса» ойынына шақыратын хабарламалар тарап жатыр. СМС-хабарламаның мазмұны бойынша, ойынға қосылу үшін белгілі бір соманы енгізіп, соңынан адам тарту керек. Яғни, жаңа ойыншыны қосқан сайын ақша түсіп отырады. Қатысушы ақша салады, содан кейін тағы жаңа адамдарды тартады. Осылайша пирамида кеңейе береді. Ойынды ұйымдастырушыларда «қаржылық пирамида», яғни алаяқтық тәсілмен табыс табу белгілері бар», - деп жазылған хабарламада. 

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы ҚР ҚК 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша заңсыз табыс таппақ болған ойынды ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартатынын ескертеді. Сонымен қатар Прокуратура Нұр-Сұлтан тұрғындарын абай болуға шақырады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін белгілі сарапшы, «Exante» халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жаңа ойынға қатысты ескерту жасағанын хабарлаған болатынбыз.