$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ерболат Досаев Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті нығайтуға келісті

Ерболат Досаев Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті

Алматы қаласының әкімі Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) өкілдерімен кездесті. Іс-шараға Таяу Шығыс, Орталық Азия, Түркия, Ауғанстан және Пәкістан бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының Өңірлік вице-президенті Хела Шейхроу, Орталық Азия бойынша Халықаралық қаржы корпорациясы Өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт, Қазақстандағы Халықаралық қаржы корпорациясы Өңірлік өкілдігінің басшысы Екатерина Бенджамин және басқалар қатысты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ХҚК өкілдерінің айтуынша, Алматы Орталық Азиядағы өңірлік инвестициялық хаб болып табылады. Ұйым мегаполистің әлеуметтік- экономикалық дамуына ықпал етеді, мұндағы басты бағыттар – қаржы секторы, агробизнес, инфрақұрылым, климаттық және экологиялық инвестициялар.

ХКҚ техникалық-экономикалық ірі жобаларды одан әрі несиелеу үшін (ТЭН) 500 мың АҚШ долларын бөлуді ұсынды. Грант ағымдағы жылдың соңына дейін келіп түседі. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Алматы дамыту Бағдарламасы аясында қаланың су ресурстары мен су шаруашылықтары нысандарын жүйелі басқаруды ұйымдастыру жөніндегі әлеуетті жоба қарамстырылған.

«Кездесу барысында Ерболат Досаев сондай-ақ жасыл облигациялар мен тұрақты даму, ІТ-хаб пен венчурлік қорларды құру бөлігінде Алматы қаласының әлеуетті инвестициялық жобаларын қоса қаржыландыруға ХҚК қатысуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті нығайтуға келісті.

ХҚК-мен белсенді екіжақты ынтымақтастықтың арқасында түрлі инвестициялық жобалар, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы, «БАКАД» мемлекеттік-жекеменшік жобасы және т.б. дамыды.

ХҚК-сы Дүниежүзілік банктің еншілес ұйымы, ең ірі жаһандық даму институты, оның құрамына 185 қатысушы ел кіреді. Қазақстан 1993 жылғы 30 қыркүйекте ұйымның толыққанды мүшесі болды», - деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Серіктес жаңалықтары