$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында жасөспірім жүргізген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза болды

Жасөспірімнің ата-анасының рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды

Жамбыл облысында жасөспірім жүргізген көлік апатқа ұшырап, бір адам қаза болды

Осы жылдың 1 қарашасында сағат 21:30-да «Тараз-Айша бибі» автожолының 1-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. 15 жасар жасөспірім Айша бибі ауылынан Тараз қаласы бағытына келе жатып, көлікті басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, ағашқа  соғылған. Кәмелетке толмаған жүргізушіден басқа көлікте тағы үш жасөспірім болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 жастағы жолаушы оқиға орнында алған дене жарақаттарынан қайтыс болды. Жүргізуші және әртүрлі дене жарақаттары бар екі кәмелетке толмаған жасөспірім  облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  345-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеті) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасының рұқсатынсыз үйден әкесіне тиесілі көліктің кілтін алғаны анықталды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарға өз балаларымен ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізуі  қажеттігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары