01.11.2022, 00:56
Жаңалықтар
Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті
Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты
Бейнеден кадр
Павлодар облысында жүргізушіні КамАЗ басып кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhу.
Департаменттің мәліметінше, қайғылы оқиға Ақсу қаласының жанармай құю станцияларыныі бірінің аумағында болған.
«31 қазан сағат 11.20 шамасында Ақсу қаласының жанармай құю станцияларыныі бірінің аумағында КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі осы көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астында болған. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – делінген хабарламада.
Медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды