$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаскелеңде 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары орталыққа шығар жолмен жүре алмай отыр

Тұрғындар 4-5 жылдан бері қалалық, аудандық әкімдіктің табалдырығын тоздырып келеді

Қаскелеңде 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары орталыққа шығар жолмен жүре алмай отыр
24.kz

Қарасай ауданының орталығы Қаскелеңдегі қатар жатқан мына төрт көше бірдей Қойтас деп аталады. Ең ұзыны 800 метр. Бітеу көшелерге кіру де, одан шығу да қиын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

2017 жылы қаланың бас жоспары өзгеріп, соның салдарынан 200-ден аса үйі бар төрт көшенің тұрғындары тығырыққа тірелген. Ал, орталыққа шығар жол жаңа бас жоспар бойынша кәсіпкерлерге өтіп кеткен. 

Аттас көшелердің ені де талапқа сай емес. Мысалы, бірінші көшенің ені 6 метр болса, басқаларының кеңдігі 4,8 метрге әрең жетеді. Қарсы келген көліктер қысылып, тұйық көшеден қайтып шыға алмай қиналады екен. Тұрғындар 4-5 жылдан бері қалалық, аудандық әкімдіктің табалдырығын тоздырып келеді. Қаскелеңнің әкімі жыл соңына дейін жаяу жүргінші жолын ашып, мәселені келесі жылы толық шешеміз дейді.  

 «Келесі жылы біз бас жоспарға өзгеріс енгізіп, сол жерге жол салғызуымыз керек. Карта бойынша жол түссе, одан кейін барып біз ұсыныс жасаймыз. Меншік иесімен сөйлесеміз. Ол кісімен келісімшартқа келіп, сатып алып сол жерден машина жүретіндей 6 метрдей жол сатып алуымызға мүмкіншілік туады», - дейді Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев.

Оған қоса, 22-бағыт көшесіндегі 60-тан аса үйдің тұрғындары негізгі жолға жеке жер теліміндегі қауіпті көпір арқылы шығады. Бұл маңда  көлік апаты жиі болады екен. Егер меншік иесі көпір орналасқан жерді қоршап алатын болса, 60 түтін мүлдем тұйықталып қалады. Қала әкімі болса, ешкім жолсыз қалмайды деп уәде берді. Жұрт мұндай уәденің жыл сайын қайталанып келе жатқанын айтады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#жол #Қаскелең