30.10.2022, 10:41
Жаңалықтар
Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік өртке оранды
Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ
Қызылорда облысы ТЖД
Қызылорда облысында көше бойында соқтығысқан екі көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 29 қазан күні сағат 10.40-та Шиелі кентіндегі Жолдасбеков және Ергешбаев көшелерінің қиылысында болған. Көше бойында соқтығысқан екі көлік те өртке оранды.
«Оқиға орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Cоқтығысу салдарынан «Audi 100» және «Daewoo Nexia» көліктері толығымен жанып кетті. Өрт сөндірілді. Оқиғадан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.08.2026, 10:25
Шымкенттегі «Жайлаукөл» саябағында аттракционнан қыз бала құлап, қолын сындырып алды (ВИДЕО)
13.08.2026, 17:45
35 жеріне пышақ сұққан: Нұрай Серікбайды аяусыз өлтірген Шерхан Аймахан өмір бойына сотталды
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
13.08.2026, 11:25
Шымкентте аттракционда болған оқыс оқиғаға: полиция қылмыстық іс қозғады