$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан әлем бойынша жол сапасы ең нашар елдердің бірі болып отыр – сарапшылар

ТМД елдері арасында Әзербайжан үздік көрсеткішке ие болған

Қазақстан әлем бойынша жол сапасы ең нашар елдердің бірі болып отыр – сарапшылар
Фото: Informburo.kz

Қазақстан көлік инфрақұрылымының дамуы бойынша 141 елдің ішінде 73-орында, ал жол сапасы бойынша 115-орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Finprom мәліметінше, 2021 жылы Азия даму банкі институты Орталық Азия елдері арасында зерттеу жүргізген. Зерттеуге сәйкес, Қырғызстан мен Тәжікстанда көлік инфрақұрылымының сапасын 1%-ға арттыру экспортты 9,15%-ға, ал импортты 5,12%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол және әуе көлігіне келетін болсақ, оларды оңтайландыру экспорт пен импортты тиісінше 5,16% және 7,83%-ға арттырады.

«Қазақстанның жеке жағдайында барлық көлік, сондай-ақ жеке автомобиль, теміржол және әуе көлігі инфрақұрылымының сапасын 1%-ға жақсартса, экспортты 8,85%, 3,69%, 10,25% және 27,59% ұлғайтар еді, ал импорт сәйкесінше 2,66%, 2,39%, 3,16% және 10,59% өседі», - дейді сарапшылар.

Дегенмен, Қазақстан Орта Азиядағы барлық елдің ішінде ең тәуір инфрақұрылымы бар ел саналады.

Жол желісін дамыту арқылы халықтың өз жұмыс орындарына қолжетімділігін арттыру экономикаға да оң әсерін тигізеді. Осылайша, 1% өсім компаниялар саны мен жұмыс орындарын 0,3% -0,4% арттырмақ.

«Сонымен бірге, Дүниежүзілік экономикалық форум жасаған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан көлік-логистика секторы бойынша 141 елдің ішінде 73-орында. Тәжікстан – 111, Қырғызстан 129-орында тұр», - делінген зерттеуде.

ТМД елдері арасында Әзербайжан үздік көрсеткішке ие – 31-орын, одан кейін Ресей 49-орында тұр. Жалпы, әлем бойынша 1-орында Сингапур тұрса, ал соңғы орында Йемен жайғасқан.

Сонымен қатар, Қазақстан жол сапасы санатында ең төменгі – 115 орында тұрған елдердің бірі болып отыр.

Серіктес жаңалықтары