28.10.2022, 12:24
Жаңалықтар
Италияда ер адам супермаркетте адамдарға шабуыл жасады
Оқиға орнында бір адам қаза тапты
Милан қаласының жанындағы елді мекенде супермаркетте болған шабуылдан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Олардың арасында «Арсенал» футбол клубында ойнайтын испаниялық футболшы Пабло Мари де бар, хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 46 жастағы ер адам келушілерге супермаркеттен алған пышақпен шабуыл жасаған.
Құқық бұзушы төрт адамды, оның ішінде сауда орталығында әйелі және ұлымен бірге келген футболшы Мариді де пышақтап кеткен. Спортшы ауруханаға тікұшақпен жеткізілді.
Үш адамның жағдайы ауыр. Қылмыскер қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті