28.10.2022, 09:46
Жаңалықтар
АҚШ Украинаға тағы әскери көмек береді
Киев HIMARS зымырандары үшін оқ-дәрі алады
Фото: ашық дереккөзден
АҚШ билігі Украинаға 275 миллион доллардың әскери көмек пакетін бермекші, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Associated Press-ке сілтеме жасап.
Пентагон Украинаға жаңа қару-жарақ пакетін және қыс жақындаған кезде Ресей әскерін оңтүстіктегі маңызды аудандардан шығаруға көмек жібереді.
Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, бұл жолы Киев HIMARS зымырандық жүйелеріне арналған оқ-дәрі алады.
Белгіленгендей, қару-жарақ Пентагон қоймаларынан бөлінеді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
