$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн суық болады

Республиканың бірқатар өңірінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн суық болады
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанның басым бөлігіне солтүсті-батыс антициклон ықпалын тигізетіндіктен, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендеуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Тек республиканың батыс және шығыс өңірлері арқылы атомосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстік-батысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман болады, солтүстікте, шығыста, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, аздаған қар жауады, тұман түседі, түнде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз -1-3 болады.

Алматыда бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +6+8 болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +14+16 болады.

Серіктес жаңалықтары