СҚО және Ақмола облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

Azattyq Rýhy
СҚО және Ақмола облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола өңірінде 6, Ал Солтүстік Қазақстан облысында 3 жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысында сағат 22:30-дан бастап төменде көрсетілген жол учаскелері жабылды:

1) Астана-Петропавл 304-341 шқ аралығы

2) Көкшетау-Рузаевка 0-61 шқ аралығы

3) Көкшетау қаласының айналма жолы 0-18 шқ аралығы

4) Көкшетау-Омбы 2-50 шқ аралығы

5) Көкшетау-Атбасар 0-48 шқ аралығы

6)Астана-Петропавл 231-304 шқ аралығы (Щучинск қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаске)

«Қар тазалау жұмыстарын жедел атқару үшін 18 бірлік арнайы техника жұмыс істеуде. Ал штаттан тыс жағдай туындаған кезде жол қозғалысына қатысушылар 1403 қысқа нөмірі бойынша Қазавтожолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады», - делінген QazAvtoJol  хабарламасында.

Ал Солтүстік Қазақстан өңірінде сағат 22:50-ден бастап

1) Астана-Петропавл 341 -392 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Рощинское ауылына дейін)

2) Көкшетау-Рузаевка 61-196 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)

3) Көкшетау-Омбы 50-85 шқ (Ақмола облысының шекарасынан Чекалов ауылына дейін) жолдар дейін жабылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.