Ақмола облысында шипажай аумағында өрт шықты

Azattyq Rýhy

Тек жазғы маусымда жұмыс істейтін ағаштан жасалған 3 қабатты ғимарат өртенді

Ақмола облысында шипажай аумағында өрт шықты
фото: saryarka-samaly.kz

Ақмолалық өрт сөндірушілер «Алмаз» шипажайының жазғы корпусында орын алған өртті сөндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«22 қазан күні 15-35-те «Алмаз» шипажайының аумағындағы жеке тұрған қазандықта өрт шығып, от көршілес тұрған үш қабатты ағаш ғимаратқа көшкен. Екі сағат ішінде өрт сөндірушілерге аталмыш орынды толығымен оқшау және сөндіру мүмкін болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт басқа корпустарға таралған жоқ», - деп көрсетті Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, өртенген ғимарат тек жазғы маусымда жұмыс істейді және толығымен ағаштан жасалған. Өрттің жалпы ауданы қазандықпен бірге 294 шаршы метрді құрады. Өрт 17-05-те оқшауланып, 18-00-де жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖД 33 қызметкері мен 11 бірлік техника шыққан болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.