Атырауда жол апатынан 5 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға Сағыз - Миялы тас жолында орын алды

Атырауда 5 адам қаза тапты, 6 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысуынан 1967 жылы туған екі адам және 1950 жылы туған Toyota Ipsum автокөлігінің 3 жолаушысы және 1960, 1995 жылы туған Lada Granta көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Сонымен қатар 3 адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі көліктің жолаушылары мен жүргізушілері Қызылқоға ауданының тұрғындары.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу басталды. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертуде», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.