$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы заң жобасын қарайды

Сол сияқты депутаттар «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады

Мәжіліс жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру туралы заң жобасын қарайды

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Депутаттар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда талқылайтын болады.

Заң жобасында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде лауазымды тұлғалармен жер құқықтық қатынастары субъектілерінің өзара іс-қимылын қысқарту мақсатында жер учаскелеріне құқықтар берудің электрондық форматын енгізу ұсынылады.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.

Серіктес жаңалықтары