$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы: ОСК Нұрлан Әуесбаевты үміткер ретінде ресми түрде тіркеді

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады

Президент сайлауы: ОСК Нұрлан Әуесбаевты үміткер ретінде ресми түрде тіркеді
Фото ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алтыншы үміткер ретінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұсынған Нұрлан Әуесбаевты тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ОСК мүшелері үміткердің кандидатурасын қабылдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

«Орталық сайлау комиссиясының аппаратына Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтің ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді Қазақстан Халық жинақ банкіне арнаулы уақытша шотты ашу үшін дереу жіберуді және кандидаттың тіркелгені туралы хабарды БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Осылайша, Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевті ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Серіктес жаңалықтары