$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ержүрек халық»: Украина Еуропарламенттің жоғары дәрежелі сыйлығына ие болды

Шетел жаңалықтарына шолу

«Ержүрек халық»: Украина Еуропарламенттің жоғары дәрежелі сыйлығына ие болды
Getty Images

Еуропалық Парламент Андрей Сахаров атындағы «Ой бостандығы үшін» сыйлығын Украина халқы мен Зеленскийге берді. Сыйлықтың өзі 14 желтоқсанда Страсбургтегі салтанатты рәсімде табысталады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Еуропарламент президенті Роберт Мацола украиналықтар бүгінде адамзаттың құндылықтары үшін күресіп жатқанын айтты.

«Мен үшін бұл мәселеде президенттер конференциясы [Еуропарламенттің басқарушы органы - ред.] консенсусқа ие болды деп айту маңызды. Соңғы тоғыз айда Еуропарламент пен бүкіл әлем украиналықтардың өз елін, бостандығын, үйі мен отбасын табандылықпен қорғап жатқанын көрді. Украина халқы біз сенетін құндылықтарды: бостандық, демократия және заңның үстемдігін қорғау үшін, Еуропа үшін де өз өмірлерін қатерге тікті. Бұл сыйлыққа өзге ешкім лайықты емес», - деді Мацола.

Еуропарламент басшысының айтуынша, бұл – майданда соғысып жатқан украиналықтарға, қашуға мәжбүр болғандарға және туыстары мен достарынан айырылғандарға арналған құрмет.

«Мен Украинаның батыл халқы берілмейтінін білемін. Ержүрек халық. Біз де олардан бас тартпаймыз. Бұл ЕО-ның негізгі Адам құқықтары сыйлығы. Биыл Украина, Украина халқы және президент Зеленский үміткерлер тізімінде жеті позицияның үшеуін иеленді», - деді ол.

Номинацияларды дауысқа салуға «Еуропалық халық партиясы», «Социал-демократтар фракциясы» мен «Еуропаны жаңарту» фракциясы қатысты. Үміткерлердің арасында Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж, Иорданияның батыс жағалауында өлтірілген «Әл-Джазира» журналисі Ширин Абу Акле, ұзақжылдық азаматтық соғыстан кейін Колумбияның ақиқат және татуласу комиссиясы және бразилиялық құқық қорғаушы Соня Гуажажара болды.

Андрей Сахаров атындағы «Ой бостандығы үшін» сыйлығы жыл сайын беріледі және ЕО-ның негізгі Адам құқықтары сыйлығы саналады. Оны 1988 жылы Еуропарламент құрды, ол адамдарға және қоғамдық ұйымдарға бүкіл әлем бойынша ой бостандығы, адам құқықтары үшін күреске ерекше үлес қосқаны үшін беріледі. Сыйлықтың ақшалай баламасы – 50 мың еуро. Биыл бұл қаражат украин азаматтық қоғамының өкілдеріне бөлінеді.

Өткен жылы  ресейлік оппозиционер Алексей Навальный сыйлыққа ие болды. 2020 жылы сыйлық Беларусь оппозициясының өкілдеріне берілсе, 2018 жылы оны украин кинорежиссері Олег Сенцов алды. Ол тарихта осы марапатқа ие болған алғашқы украиналық  болды. Сенцов  ол кезде Ресейдің түрмесінде жатып, сыйлықты бір жылдан кейін ғана ала алды.

ЗЕЛЕНСКИЙ: БІР АЙДА УКРАИН ӘСКЕРІ 233 «ШАХИДТІ»  ҚҰЛАТТЫ

Соңғы бір айдың ішінде украиналық әскерилер 233 ирандық камикадзе дронын атып түсірген. Тек кешегі күні шабуылға шыққан 10 «шахид» жойылған.

 «Бір айдің ішінде 233 «Шахид» пен өзгеде ондаған зымыран атып түсірілді. Бүгін ғана Киев бағытында 10 ирандық дрон жойылды, тағы 11 «Шахид» «Оңтүстік» әуе қолбасшылығы жауынгерлерінің арқасында атып түсірілді. Мен осы тамаша жұмыс үшін алғыс айтамын», - деді президент В. Зеленский.

Зеленский өткен тәулікте ғана Ресей Украинаның үш энергетикалық нысанын жойғанын жариялады. Президент украиналықтарды 20 қазаннан бастап электр энергиясын тұтынуды шектеуге шақырды.

«Украинаның энергетикалық қуатын қалпына келтіру үшін уақыт пен біздің бірлескен күш-жігеріміз қажет. Ертең электр энергиясын тұтыну мүмкіндігінше саналы болуы маңызды. Содан кейін жағдайды тұрақтандыру үшін арнайы өшіру кестесі қысқарады», - деп атап өтті президент.

ЕО ЕЛШІЛЕРІ УКРАИНАҒА «ШАХИД» СОҚҚЫЛАРЫ ҮШІН ИРАНҒА ҚАРСЫ САНКЦИЯЛАРДЫ БЕКІТТІ

Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері Украинаға қарсы соғыста Ресейге көмектескені үшін Иранға қарсы санкциялар қабылдады. Санкциялар үш адамға және дрон шығаратын компанияға қатысты мақұлданған. Санкцияға Shahed Aviation Industries ілікті. Ол ирандық «Шахед» ҰҰА-ны жобалауға және әзірлеуге жауапты компания.

«Дрондардың құпия сериясы Ресей Федерациясына жеткізілді және Украинаға қарсы агрессивті соғыста қолданылады. Демек, Shahed Aviation Industries Қырымды аннексиялауға және Украинаны тұрақсыздандыруға кінәлі Ресей Федерациясының Үкіметін қолдауға жауапты», - делінген құжатта.

Бұл тізімге Иран қарулы күштері штабының бастығы, Ислам революциясы гвардиясының Аэроғарыш корпусының қолбасшысы генерал-майор Мұхаммед Хоссейн Багери, Иран Қорғаныс министрлігіндегі логистикаға жауапты Саед Агаджани мен Ходжатол Горейши де кірді. Ресми Тегеран Ресейге қару-жарақ, соның ішінде жақында Ресей Федерациясы Украинаға қарсы жаппай қолданған камикадзе дрондарын «бермеді» деуден танбай келеді. Фото: AP

Бейресми түрде Иран Ресейге әліде көптеген дрондарды ғана емес, «жер-жер» атты зымырандарын беруді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тараған.

Еске салайық, Украинаның Жоғарғы Радасы Иранды Ресей Федерациясын өздеріне қарсы қарулы агрессияда қолдағаны үшін айыптаған. Жоғарғы Рада Ираннан Ресей Федерациясына қару-жарақ жеткізуді дереу тоқтатуға шақырды. Екі мемлекеттің арасындағы саяси шиеленіс 2020 жылдың қаңтарында Тегеран маңында украиналық  Ps752 рейсіндегі жолаушылар ұшағы атып түсірілген кезден бері жақсарған жоқ.

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ХАЛЫҚ САНЫ 7 МИЛЛИОНҒА ЖЕТТІ 

Қырғызстанда адам саны 7 миллионға жетті. Министрлер кабинеті 7 миллионшы қырғызстандықтың дүниеге келгенін хабарлады.

Сәби Баткен облысының қызыл Қия қаласында дүниеге келген. Сәбидің атын ел президенті қойды. Президент Садыр Жапаров Қырғызстанның 7 миллионыншы адамына Жақсылық деген ат берді. Қырғызстанда демографиялық өсудің бәсеңдігі шекарадағы қақтығыстан соң жиі көтерілді.

«Біз қазіргі саяси жылулықты жоғалтпауымыз керек, демография одан әрі өседі. Жылдар өте келе шекара мәселесін шешу қиынырақ екенін бәріміз түсінеміз. Біз жауапкершілікті алып, шекара мәселесіне нүкте қоюымыз керек. Егер 90-шы жылдары Өзбекстанда 20 млн адам болса, қазір-35,5 млн-ға жетті. Тәжікстанда 5,2 млн адам болса, қазір 10 млн-ға жетті, ол елдерде демографиялық өсім тез жүріп жатыр. Сонымен бірге Ауғанстанда 42 миллионнан астам адам бар, оның 33%-ы – тәжік ұлты», - деді Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров.

Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 шілдесінде ел тұрғындарының саны 6 млн 804 мың адамды құраған. Халықтың табиғи өсімі 2019 жылы 140 мың 189 адамға жетті. Осыдан кейін туу көрсеткіші күрт құлдырап, 2020 жылы 118 мың 135 адам, 2021 жылы 119,7 мың сәби өмірге келген.

«БЕЙБІТШІЛІК БОЛМАЙДЫ»: ҚЫРҒЫЗСТАНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрі Бақытбек Бекболотов Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында шулы мәлімдеме жасады. Ол Қырғызстан мен Тәжікстан арасында бейбітшілік болмайтынын хабарлады. Қырғызстан «бейбітшілікті қалайсың, соғысқа дайындал» қағидаты бойынша әрекет ететін сияқты. Бүгінде 6-7 тікұшақ шетелде күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Министрлік «Белтехэкспортпен» әуе қорғанысы туралы келісімге қол қойған. Айдың соңына дейін Қырғызстанға «Печора-2бм» зениттік зымыран кешені келеді деп жоспарланған. Ол Баткенде орналасады.

«Өкінішке қарай, соғыс мұнымен аяқталмайды. Жақында ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засимен кездестім. Мен оған Қырғызстан мен Тәжікстан арасында бейбітшілік болмайтынын айттым. Мен мұның себебін айтайын. Себебі қырғыздың өз ақиқаты бар, тәжіктің өз ақиқаты бар. Тәжікстанның Соғды облысы бойынша Шекара әскерлері басқармасы біздің тарапымыздан «зиянды жоспарлар туралы» мәлімдеме жасады. Оның ішінде «атыс позицияларын дайындау, траншеялар қазу, қосымша әскери техниканы тартуды жалғастыру және әуе кеңістігін үнемі бұзу», - деді министр Бақытбек Бекболатов.

Фото: kg.akipress.org

Бекболотов делдалдық ретінде жанжалды тоқтата алатын ҰҚШҰ-ға үміттенеді. Кабинет басшысы Ақылбек Жапаров Ресейге үміт артады.

«Ресей қырғыз-тәжік шекарасы мәселесін шешуге көмектесуге өз ұстанымын көрсетті», - деді ол.

Қырғызстанның 2010 жылғы маусымда этносаралық қақтығыс кезінде де ҰҚШҰ-на жүгінуі сәтсіз аяқталды. Жақында Армения ҰҚШҰ-ға жүгініп, бас тартты. Бітімгерлер қақтығысты тоқтата алады, бірақ оларға шекара бойында көп нәрсе қажет. Алайда, бұл Ресей бітімгерлері үшін ең қолайлы сәт емес. Украинада соғыс жүріп жатыр және Ресей үшін майдандағы әрекеттер жақсы нәтиже беріп отырған жоқ.

Серіктес жаңалықтары