Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы ауа райы сақталады
Республика бойынша тұман түсіп, жел соғады

Синоптиктер 20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады », - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні 15-23 м/с жетеді, ҚР оңтүстік-батысында жел, шаңды дауыл соғады.
Астанада күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +8+10 болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Жел секундына 2-7 метрге жетежі. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +12+14 болды.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4, күндіз +15+17 болады.