15.02.2020, 02:46
Жаңалықтар
Наурыз айында қазақстандықтар қалай демалады
Қазақстан халқы үшін ең ұзақ демалыс күндері наурыз айында өтеді
Фото : ovp-shymkent.kz
2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар сегіз күн бойы мерекелік демалыста болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Uchet.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Наурызда отандастарымыз апта соңындағы демалыс күндерімен қатар, ұлттық және мемлекеттік мереке күндерінде де демалады. Ал сегіз мерекелік күн Халықаралық әйелдер және Наурыз мейрамдарына түсіп тұр.
Қазақстан халқы Халықаралық әйелдер күні үш күн – 7, 8 және 9 наурызда, ал Наурыз мейрамы құрметіне бес күн – 21-25 наурыз күндері демалады.
Осылайша, 2020 жылдың наурыз айында қазақстандықтар ең ұзақ демалыс күндерін өткізеді.
Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 13:49
«Қаза тапқан бала 4-сыныпта оқитын қыз еді»: Алматыдағы алапат өрттің куәгерлері қорқынышты түнді еске алды
