$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейді ең үлкен демографиялық дағдарыс күтіп тұр – сарапшы

Мамандар елде халық саны көрсеткішінің құлдырап бара жатқанын айтады

Ресейді ең үлкен демографиялық дағдарыс күтіп тұр – сарапшы
Фото: EPA/UPG

Ресейде 2023 жылы тарихтағы ең үлкен демографиялық дағдарыс болуы мүмкін. Осылай деген сарапшылар елде туу деңгейі төмендеп, халық санының азаю қарқыны артатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Bloomberg мәліметінше, Ресейде бала туу көрсеткіші 2000-жылдардағы көрсеткішке бір-ақ түсіп кетуі мүмкін.

Демограф Игорь Ефремов соғыс пен мобилизацияның келер көктемнің соңына дейін жалғасуы халық өсіміне «апатты түрде» әсер ететінін айтады. Себебі 2024 жылдың ортасына дейінгі 12 айда бала туу көрсеткіші 1 миллионға дейін төмендеуі ықтимал. Оның айтуынша, туу көрсеткіші бір әйелге шаққанда 1,2 баладан ғана келуі мүмкін. Мұндай жағдай Ресейде 1999-2000 жылдары ғана байқалған болатын.

Путин үкіметі жоспарларының бірі 2022 жылы халықтың азаюын тоқтату болғанымен, қазіргі жағдайда ол мүмкін емес мақсаттардың біріне айналған. Қыркүйектегі мобилизация туралы хабарландыру шықпай тұрып бірнеше апта бұрын ел басшылығына берілген жабық есепте «коронавирус пен көші-қон ағынының әсерінен» межелі көрсеткішке жету мүмкін еместігі айтылған.

Мәскеудегі Гайдар институтының зерттеушісі және демограф Игорь Ефремовтың айтуынша, алдағы айларда соғыс қимылдары жалғаса берсе, келесі жылы Ресейде небәрі 1,2 миллионға жетпейтін сәби дүниеге келмек. Бұл қазіргі тарихтағы ең төмен көрсеткіш. Ресейде өлім-жітімнің жалпы саны жыл өткен сайын артып, жылдық көрсеткіш 2,5 млн адамға жақындаған.   

«Бала туу көрсеткішіне негізгі соққы жанама түрде болады, өйткені көптеген отбасы құрылмай жатып жойылып кетті,  әлі жойылып жатыр», - деді Ефремов.

Айта кетерлігі, Ресейдің 70-ке толған президенті Владимир Путин былтыр ғана ел демографиясының өзекті мәселе және «Ресей халқын құтқару – басты ұлттық басымдық» екенін мәлімдеген болатын...

Серіктес жаңалықтары