$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Иранда саяси тұтқындар жатқан түрмеден өрт шықты: қаза тапқандар бар

Шетел жаңалықтарына шолу

Иранда саяси тұтқындар жатқан түрмеден өрт шықты: қаза тапқандар бар
Фото: twitter.com/SharghDaily

Иранның Эвин түрмесінде өрт шығып, төрт адам қаза тапты. Тағы алпыстан астам адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігінің хабарлауынша, бұл түрме – елдің саяси тұтқындары қамалған елдегі ең ірі қамау орындарының бірі. BBC дерегіне сүйенсек, өрттің себебі нақты белгісіз. Алайда Иран билігі бұны түрмеде жазасын өтеп жатқандар ұйымдастырды деген мәлімдеме жасаған.

Ал куәгерлердің айтуынша, өрттің алдында түрмеде мылтық дауысы естілген. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері сотталғандардың арасында төбелес шығып, артында, әлдекім түрмедегі шеберханаға от қойған деген ақпарат таратып жатыр. BBC агенттігі бұл мәліметті растамайтынын жазады.

Куәгелердің бірі агенттік тілшілеріне ауруханадан нақты төрт адамның мәйітін көргенін, алайда, қаза тапқандар әлдеқайда көп екенін айтып берген. Ол сондай-ақ, журналистерге ресми органдар таратқан ақпарат жалған екенін, қаза тапқандардың бәрі өрттен емес, арасында оқ тиіп өлгендер бар екенін айтқан.

Ал ел билігі түрмедегі өрт сотталғандар арасындағы заңсыз көтерілістің салдары екенін, қазір жағдай бақылауға алынғанын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, Иранда 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен кейін бір ай бойы халық жаппай көтеріліске шығып жатыр.

АВСТРАЛИЯНЫҢ ВИКТОРИЯ ШТАТЫН ТОПАН СУ БАСТЫ

Австралиядағы Виктория штатында екі өзен арнасынан асып, бірнеше аймақты су басты, деп хабарлайды Euronews.

Муррей және Кампаспе өзендері арнасынан асып, Мурупне аймағындағы үйлерді су басқан. Су тасқыны салдарынан электр станциясы істен шығып, тұрғындар жарықсыз отыр. Жергілікті билік қауіп төніп тұрған аймақтардан халықты жаппай эвакуациялап жатыр.

Виктория штатының солтүстігіндегі Шеппартон қаласындағы Гоулберн өзенінің деңгейі 12 метрден асқан.

«Өмір бойы осы қалада тұрып келемін және бұл жерде мұндай су тасқынын ешқашан көрген емеспін. Естуімше, соңғы рет бұл аймақтағы су тасқыны шамамен 1974 жылдары болған. 1993 жылы да су тасқыны болған, бірақ дәл осыншалықты болмаған», - дейді журналистерге сұхбат берген Шаппартон қаласының тұрғыны.

Қазір ел билігі жағдайды бақылауға алған.

Фото: twitter/@XRebellionAus

ПАРИЖДЕ ПЛАСТИК ҚОРАПТЫҢ ІШІНЕН 12 ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ МӘЙІТІ ШЫҚТЫ

Париждегі 12 жасар қыздың өліміне қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды.

Euronews агенттігінің жазуынша, ұсталғандардың бәрі – Алжирден шыққан азаматтар.

Айта кетейік, Парижде 12 жастағы Лола есімді қыздың өлімі тіркелді. Жергілікті полицияның мәліметіне сүйенсек, оның мәйітін әлдекімдер пластик қорапқа салып, 19 округте өзі тұрған үйдің ауласына тастап кеткен.

Баланың денесінде зорлық белгілері байқалған және оның табанына «біртүрлі» жазу жазылған. Полиция қызды адам денесінің саудасы үшін өлтіруі мүмкін деген нұсқаны да назарға алған. Тергушілер үйдің маңынан үлкен чемодан алып жүрген әйелді тергеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары