$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Анасы Түркияға алдап апарып, медресеге берген 16 жасар қыз елге қайтарылды

Қазір қыз отбасының жанында, Ақтөбе қаласында

Анасы Түркияға алдап апарып, медресеге берген 16 жасар қыз елге қайтарылды
Фото ашық дереккөзден

Анасы Түркияға алдап апарып, медресеге берген 16 жасар қыз елге қайтарылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәліметінше, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен кәмелетке толмаған Қазақстан азаматын Түркия Республикасынан елге қайтарды. Қазір қыз отбасының жанында, Ақтөбе қаласында.

«16 жасар Қазақстан азаматы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан елге оралуға көмек сұрады. Өтініштен кәмелетке толмаған қызды анасы алаяқтық жолмен Түркияға алып кеткені және оның еркіне қарсы Ыстанбұлдағы қыздарға арналған медресеге бергені анықталды. Сонымен қатар бала туыстарымен байланыса алмай, Қазақстанда жүрген әкесі мен екі ағасын сағынғанын айтып шағымданған. Аружан Саинның өтініші негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның Түркиядағы елшілігі арқылы Ыстанбұлда баланы іздеу мәселесін шұғыл қолға алды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бала табылып, оның Қазақстанға оралуына қажетті көмек көрсетілді» , – деді балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Комитет Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтарының мүддесі үшін жұмысты одан әрі жалғастыра береді.

Серіктес жаңалықтары