15.10.2022, 02:43
Жаңалықтар
Түркістан облысында жоғалған 14 жасар қыз Тараздан табылды
Қазіргі таңда оқушы үйіне оралды
фото: Polisia.kz
Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Тараздан тапты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz -ке сілтеме жасап.
Жетісай полиция бөліміне Жылысу ауылының тұрғыны хабарласып, кешкі уақытта 14 жастағы қызы үйден шығып кетіп, қайта оралмағанына арызданған.
Анасы баласын іздеп жүргеніне бір күн өткен. Нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгініпті. Жетісайлық полицейлер хабарлама түсе сала оқиға орнына жетті. Жоғалған қызды табу мақсатында барлық жедел-іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде жасөспірім қызды Тараз қаласындағы автобекеттен тапты.
Белгілі болғандай, жоғалған қыз отбасындағы дау-дамайға байланысты үйінен кетіп қалған.
Көп оқылған
18.06.2026, 12:10
«20 тонна жарылғыш зат тиеп бара жатқан»: белгілі айтыскер мен оның жұбайына қатысты тың дерек шықты
18.06.2026, 15:44
БҚО-да аудандық білім бөлімінің бухгалтері 9 млн теңге ұрлаған
18.06.2026, 20:01
Бұзақыларға ескерту жасап, қаза тапты: СҚО-да полиция капитаны Теміртасовтың есімі ұмытылмайды