$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Демалыс күндері еліміздің басым аумағында күн суытып, кей өңірде қар жауады

Синоптиктер 15-17 қазанға ауа райын болжады

Демалыс күндері еліміздің басым аумағында күн суытып, кей өңірде қар жауады

Циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуімен демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Қазгидромет синоптиктеріне сілтеме жасап.

«Атлантикалық аймақтардан антициклонның енуімен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі және жаңа аптаның басы қарай жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттармен осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ болжанады», - делінген аталған хабарламада.

Қазақстанның батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы +10 градустан -3 градусқа дейін салқындайды. Күндіз термометр бағаны 8-15 градус аралығында болады. Ал, оңтүстік-батыста 20 градус нөлден жоғары.

Еліміздің солтүстік пен орталық бөлігінде түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін суыса, күндіз 5-14 градус нөлден жоғары.

Шығыс облыстарда түнде 5 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 10-21 градус аралығында.

Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11 градус, күндіз 15-23 градус жылы болады.

Оңтүстік-шығыста түнде 3 градусқа дейін салқындаса, таулы аймақтарда -5 градус аяз болады. Күндіз 7-20 градус нөлден жоғары.

Серіктес жаңалықтары