Илон Масктың компаниясы Украинадағы Starlink қызметтерін қаржыландырудан бас тартты
SpaceX ол шығындарды енді Пентагонның төлеп отырғанын қалайды
Америкалық миллиардер Илон Маск басқаратын SpaceX енді Украинадағы Starlink спутниктік байланыс жүйесіне қызмет көрсете алмайды және ол шығындарды бұдан былай Пентагонның жауып отыруын сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
CNN телеарнасының мәлімдеуінше, Украинаға барлығы 20 мыңға жуық Starlink терминалы берілген. Жұма күні илон Маск қажетті операциялар SpaceX-ке 80 миллион долларға шыққанын және жыл соңына қарай ол шығын көлемі 100 миллион доллардан асатынын айтқан.
«Алайда SpaceX Пентагонға АҚШ әскери күштері осы мақсатқа ай сайын ондаған миллион доллар беріп отырмаса, Украинадағы желі қолданысын қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін деп ескерткендіктен, қайырымдылық көмегі осымен аяқталуы мүмкін», - деп хабарлайды телеарна.
Құжаттарға сәйкес, Маск қыркүйекте Пентагонға жазбаша түрде хабарлап, SpaceX «бұдан былай Starlink жұмысын бұрынғыдай қаржыландыруды жалғастыра алмайтынын» жеткізген. Ол сондай-ақ әскерилерден Украина үкіметі мен армиясының мүддесі үшін байланыс қызметтерін қаржыландыруды өз қолына алуды сұраған.
Хатта атап өтілгендей, жыл соңына дейін қажетті қаржы Пентагонды 120 миллион доллардан астам, ал алдағы 12 айда тағы 400 миллион доллар шығынға ұшыратпақ.