$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы: кандидаттардың мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай тексерілді

Комиссия мүшелері шешімдерді алқалы талдау өткізіп қабылдады

Президент сайлауы: кандидаттардың мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай тексерілді
Фото: tengrinews.kz

8-13 қазан аралығында ҚР Орталық сайлау комиссиясы лингвистикалық комиссияның тоғыз отырысын өткізді. Оның ішінде 1-і ұйымдастыру мәселелері, 8-і кандидаттардан емтихан алу бойынша өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссияның құрамына көрнекті лингвист-ғалымдар, филилогия ғылымдарының докторлары, кандидаттары, профессорлар, академиктер Ә.Қ. Ахметов, Г. Есім, Ж.Д. Дәдебаев, Д. Қамзабекұлы, Г.С. Құрманбай, А.М. Фазылжанова кірді», - делінген ОСК хабарламасында.

Комиссия мүшелері шешімдерді алқалы талдау өткізіп қабылдады. Кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау тәртібі әділдік пен шынайылықты сақтай отырып, теңқұқылық негізде жүзеге асырылды.

ОСК кандидаттардың емтиханға дайындалуына және комиссия алдында жауап беруіне қажетті толық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары