Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы соңғы аптада тағы қымбаттады

Azattyq Rýhy

Мұндай тауарлар бағасы жыл басынан бері 19,8%-ға қымбаттаған

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы соңғы аптада тағы қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері сұранысқа ие азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 20%-ға жуық қымбаттағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға, ай басынан бері 0,3%-ға және жыл басынан бері 19,8%-ға қымбаттаған.

«Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 19,6%-ға өскен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға жоғары», - делінген бюро хабарламасында.

Бағаның арзандауы бойынша соңғы аптада:

пияз – 1,9%-ға;

сәбіз – 2,2%-ға;

қырыққабат 2,4%-ға арзандады.

Бағаның қымбаттауы бойынша өткен аптада:

ұн, I сорт – 1,7%-ға;

жұмыртқа, I категория – 1,3%-ға;

күріш  1,3%-ға қымбаттады.

2022 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізіміндегі кейбір тауардың орташа бағасы:

күнбағыс майы – 900 тг/л;

тауық еті – 1210 теңге/кг;

сүзбе 1820 теңге/кг.

*Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінде 19 атау бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.