$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кентауда 168 адам астан улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Дәмхана қызметкерлерінде медициналық кітапша жоқ екені анықталды

Кентауда 168 адам астан улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды
фото: Polisia.kz

Кентауда 168 адам астан улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.

Кентау полициясына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінен қаладағы кафелердің бірінің тағамдарынан тұрғындардың жаппай уланып, ауруханаға түскені бойынша хабарлама келіп түсті.

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігімен "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары дәмхана қызметкерлерінен, оқиға куәгерлерінен жауап алып, сұрастыру жұмыстарын жан-жақты жүргізуде. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының зертхана қызметкерлерімен сараптама жүргізу үшін жұмыстар атқарылуда. Дәмхананың барлық тағам түрлері зерттеуге жіберілді.

Аталмыш тамақтану орнының бірнеше қызметкерінде медициналық кітапша болмай шықты. Қазіргі уақытта белгілі болғаны Кентау мен Түркістан қаласының ауруханаларында 98 тұрғын, ал үй жағдайында 70 адам ем қабылдауда.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары