12.10.2022, 14:09
Жаңалықтар
Президент профессор Наум Шафердің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев көрнекті музыкатанушының артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырғанын атап өтті
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті музыкатанушы, филолог, профессор Наум Григорьевич Шафердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Наум Григорьевич үлкен өмір жолынан өтті. Артына бірегей әдеби-музыкалық мұра қалдырды. Шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз болды. Ол бүкіл саналы ғұмырын мыңдаған музыкалық шығарма мен кітапты, соның ішінде қазақ халық әуендерінің жазбаларын жинауға арнады. Наум Григорьевичтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп жазылған жеделхатта.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
29.06.2026, 10:54
«Қалжың деп ойлаған еді»: астаналық жас жұбайлар Threads арқылы танымайтын адамдарды тойына шақырды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды