Қазақстан президенттігіне кандидаттығын ұсынған 12 адам құжат тапсырды – ОСК
Бүгінде үміткерлер құдатының сәйкестігі тексеріліп, мемлекеттік тілді меңгеру емтиханы алынып жатыр
Қазақстан президенттігіне кандидаттығын ұсынған 12 адам құжат тапсырды. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді ұсыну рәсімінің аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ОСК басшысы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда сағат 18:00-ге дейін жалғасты.
Бүгінде республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған 12 кандидаттың құжаты тіркелді:
1. Қажыкен Мейрам – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтары достастығы» РОП;
2. Дайрабаев Жигули – «Ауыл» ХДП» ҚБ;
3. Әуесбаев Нұрлан – «Ұлттық социал-демократиялық партиясы» ҚБ;
4. Қасым-Жомарт Тоқаев – бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынған
5. Алтаев Нұржан – «Мұқалмас» ҚБ;
6. Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ҚБ;
7. Ерғалиев Талғат – РОЙУЛ «Қазақстан құрылысшылар одағы»;
8. Әлиев Жұматай – «Халық демографиясы» ҚБ;
9. Ғабжалилов Хайрулла – «Асар» оралмандар қауымдастығы» ҚБ;
10. Тұрсынбекова Салтанат – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» ҚБ;
11. Бақыт Жаңабаев – «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» ҚБ;
12. Бизақова Фатима – «Тәжірибелік психология» ҚБ.
ОСК комиссиясының отырысынан мәлім болғандай, кей үміткер қазақ тілі емтиханын тапсырып үлгерген.
«Мемлекеттік тілді меңгеру емтиханы жалғасып жатыр. Бұған дейін 5 үміткер мемлекеттік тілді білуге емтихан тапсырса, бүгін тағы екеуі емтихан тапсырады. Кеше кандидаттарды ұсыну 18:00-де аяқталуы керек еді, бірақ 17:50-де басқа үміткер келді. Біз олардың құжатын қабылдадық, қазіргі кезде сәйкестігін тексеріп жатырмыз», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.