$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

40 жыл бұрын Германияға көшіп кеткен неміс азаматы қазақша ән айтып, туған жеріне сағынышын жеткізді

Эдуард Церникель 20 жасына дейін Үржар ауылында тұрғанын айтады

Қазақстанда туып-өсіп, кейіннен Германияға көшіп кеткен неміс ұлтының өкілі Эдуард Церникель жерлестеріне сәлем жолдап, 40 жылдан кейін де қазақша ұмытпағанын білдіріп, ән салып берді. Бұл туралы блогер Асхат Қасенғали желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұрынғы Семей облысының Үржар ауданында дүниеге келіп, ат жалын тартып мінген азамат атанғанша қазақтар арасында тұрған Эдуард Церникель туған жеріне деген сағынышын әлеуметтік желі арқылы жеткізеді.

«Мен Үржар ауылында туып-өсіп, сонда 20 жыл тұрдым. Германияға көшіп кеткеніме 40 жыл болды. Алайда туған жерімді, Қазақстанның Үржарын ешқашан ұмытқан емеспін. Мәңгі жүрегімде қалды. Жүзім неміс болғанымен, жүрегім қазақ болып кеткен. Ата-анам соғыс уақытында көрсеткен көмегі үшін өмір бойы қазақ халқына алғыс айтып өтті», - дейді Эдуард Церникель.

Осылай деген неміс азаматы бала кезінен жадында жатталып қалған қазақ әнін нақышына келтіре айтып берді.

Бүгінде Германияда тұратын азаматтың 40 жыл өтсе де қазақ тілін ұмытпай, туған жеріне, Қазақстанға деген құрметі мен ыстық ықыласын сақтап қалғанына айрықша риза болған желі қолданушылары оған жылы тілегін арнап, шексіз алғыс білдіріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары