08.10.2022, 15:39
Жаңалықтар
Президент «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
фото: akorda.kz
Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.
Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды