08.10.2022, 15:01
Жаңалықтар
Республика күні мерекесі: Демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылды
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Үкіметі Республика күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаулыға сәйкес, демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Биыл 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды