07.10.2022, 23:25
Жаңалықтар
ШҚО-да 10 гектарға жайылған дала өрті сөндірілді
Өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр
Фото ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында 10 гектарға жайылған дала өрті сөндірілді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметіне сүйенсек, өрт бүгін Өскемен-Алматы тасжолының бойындағы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің маңынан шыққан.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Тілсіз жау шөп пен қамысты шарпыған. Көп ұзамай жалпы ауданы 10 гектарды құраған жалын толықтай ауыздықталды», - делінген хабарламада.
Отпен күреске барлығы 12 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)