СҚО-да елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды
Қазір шетелдікке қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде
Солтүстік Қазақстан облысында елге есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, оқиға 6 қазан күні Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан «Қарақоға» автомобиль өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды жолаушылардың жүктерін тексерген. Ресей азаматы рұқсат етілмеген затты күртешесінің ішкі қалтасына жасырып, мемлекеттік шекарадан өтпекші екен. Алайда жолы болмады. Қызметтік ит иісті алып, ер адамнан жасыл түсті белгісіз зат алынды.
Сараптама белгісіз заттың салмағы шамамен 100 грамм болатын «Гашиш» есірткісі екенін көрсетті. Қазір шетелдікке қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдікті Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.