Нұрлан Әуесбаев оппозиция атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелуге құжат өткізді

Azattyq Rýhy

ОСК құжаттарды қабылдап, екі-үш күн ішінде қарастырады

Нұрлан Әуесбаев оппозиция атынан президенттікке кандидат ретінде тіркелуге құжат өткізді
Фото: osdp.kz

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына тіркелу үшін құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Астанада өткен ЖСДП-ның кезектен тыс съезінде Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын партия атынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылданды», - деді ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов.

Белгілі болғандай, ОСК құжаттарды қабылдап, екі-үш күн ішінде қарастырады.

«Қанша дауыс жинайтынымызды уақыт көрсетеді, дегенмен жақсы дауыс жинаймыз деген ойдамын. Біз жеңіске жетеміз деген сенім бар, өйткені партиямыз социал-демократиялық принципті басшылыққа алып келеді. Біз жемқорлықпен және олигархиямен күресіп, әлеуметтік әділеттік орнатуға күш саламыз», - деді Нұрлан Әуесбаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.