Ресей – Украина соғысы: Запорожье қаласы тағы шабуыл астында қалды, қаза тапқандар бар
Соққы 6 қазанға қараған түні басталғанhttps://azattyq-ruhy.kz/

6 қазанға қараған түні ресейліктер тағы да Украин қалаларына оқ жаудырды. Украинаның Запорожье қаласы бейсенбіде Ресей әскерінің шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Ryhy тілшісі ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, түнде ресейлік зымырандар қала орталығының көпқабатты тұрғын үйлеріне құлаған. 7 адам қайтыс болған. Олардың арасында балалар да бар. Тағы 5 адам іздестіріліп жатыр
Ресей Қорғаныс министрлігі Запорожьеде оқ-дәрі қоймалары мен авиатехниканы жөндеу цехтарын атқаны туралы мәлімдегенімен, зымырандардың тұрғын үйге құлаған фото-видео айғақтары тарап кетті.
Осы оқиғадан кейін Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдеріне үндеу жасап, Кремльге қысымды күшейтуге шақырды.
«Агрессорды жазалау керек: Ресейге қарсы санкцияларды күшейту, Ресеймен және оның компанияларымен кез-келген ынтымақтастықты тоқтату, оны барлық халықаралық ұйымдардан шығару немесе кем дегенде оның мүшелігін тоқтату, халықаралық мекемелердің, ең алдымен БҰҰ-ның жұмысына әсер ету мүмкіндігін шектеу керек.
Лиман қаласына қарасты бірнеше ауылдан бейбіт тұрғындар эвакуацияланды. Бұл аймақ бірнеше күн бұрын орыс әскерлерінен босатылды. Эвакуация күз бен қыста аман қалу қиын болатын елдімекендерде жүзеге асырылады», - дейді Владимир Зеленский.