04.10.2022, 22:30
Жаңалықтар
Оралда төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды
Олар бұған дейін бес тәулікке қамалған болатын
Фото ашық дереккөзден
Орал қаласында төбелеске қатысқан ресейліктер елден шығарылды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, тәртіп сақшылары ҚР заңнамасын бұзған РФ азаматтарын республика аумағынан шығарып жіберу туралы әкімшілік соттың шешімін орындады.
«Полиция қызметкерлері «Сырым» шекара бекеті арқылы екі ресейлікті елден шығарды. Сонымен қатар төбелеске қатысқан тағы екі ресейлік әкімшілік қамаққа алу мерзімі аяқталғаннан кейін ҚР аумағынан шығарылады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Оралда түнгі клубтың жанында төбелеске қатысқан Ресей азаматтары бес тәулікке қамалған болатын.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды