$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Антикор қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желілерде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерін атыс қаруымен қорқытқан бейне тараған.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. 

Осы жылдың 22 қыркүйегінде осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 

29 қыркүйекте күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. 

Тергеу жалғасып жатыр.      

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.  

Серіктес жаңалықтары