«Қазпошта» басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Әсел Жанасова бұған дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Қазпошта» АҚ Басқармасының төрайымы болып Әсел Жанасова тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі тағайындалуына дейін Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды. Онда сауданы цифрландыру, төлем жүйелерін дамыту және цифрлық банкинг саласындағы жобаларға жетекшілік еткен.
2014-2016 жылдар аралығында Ұлттық банктің «Банктік сервис бюросы» РМК директорының кеңесшісі, Ұлттық банкттің Цифрлық технологиялар департаментінің директорының орынбасары болды.
2016-2017 жылдары «Зерде» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрайымы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысының кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР сауда және интеграция вице-министрі лауазымына тағайындау алдында 2018 жылдан 2020 жылға дейін АХҚО цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарды.