Қызылорда облысында әлеуметтік желіде жала жапқан тұрғын айыппұл төлеуге міндеттелді
Қаулы заңды күшіне енген жоқ
Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты эфирде көрінеу жалған ақпарат таратқан аудан тұрғынын 428 820 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сотта Д. есімді әйел Facebook желісінде тікелей эфирде Т. есімді ер адамның 2019 жылы пара алғанын, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын хабарлағаны мәлім болды.
"Осылайша ол әдейі жалған ақпарат таратқан. Ер адам сотқа арыз жазды", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Оның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 3-бөлігі бойынша "Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу" Д. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. 2022 жылғы 30 қыркүйекте іс аудандық сотта қаралды.
"Сот Д. есімді әйелді ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бірақ жеңілдететін мән-жайлар ретінде әйелдің бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабы 2-бөлігі бойынша 200 айлық есептік көрсеткіш немесе 612 600 теңге айыппұл отыз пайызға азайтылды, 428 820 теңге", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.