$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент сайлауы: «Ауыл» партиясының атынан алғашқы кандидат ұсынылды

Бұл туралы партия төрағасы Әли Бектаев мәлім етті

Президент сайлауы: «Ауыл» партиясының атынан алғашқы кандидат ұсынылды
Фото: ашық дереккөзден

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы сайлауға үміткер ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев мәлім етті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев сайлауға үміткер ретінде қатысады.

Съезд жұмысына партияның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан делегаттар қатысып жатыр. 

Кезектен тыс ХХ съездің басты міндеті 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну болады.

Еліміздегі өте маңызды реформалар жүргізіліп жатыр. Ол реформаларды партия мүшелері толық қолдайды және мемлекетіміздің дамуында үлкен серпіліс береді деп есептейді.

«Ауыл» партиясы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысуды ауыл мен ауыл шаруашылығының қал-ахуалына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты проблемаларға мемлекет пен қоғамның назарын аударудың тағы бір мүмкіндігі деп санайды», - деді Партияның "Ауыл" ХДПП төрағасы Әли Бектаев айтқан мәлімдемесінде. 

Серіктес жаңалықтары