29.09.2022, 02:44
Жаңалықтар
Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ әскери техникаларының Қазақстанға келу себебін түсіндірді
Әлеуметтік желіде әскери техникалар легіне қатысты түрлі қауесет таралған болатын
фото: www.gov.kz
Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ әскери техникаларының Қазақстанға келу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Жамбыл, Алматы облыстарында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» оқу-жаттығулары өтіп жатыр.
«Осыған байланысты елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды