«Жомарт Жүрек» байқауына дауыс беру басталды
«Жомарт Жүрек» – қайырымдылық саласындағы меценаттар мен филантроптар арасындағы жыл сайынғы республикалық байқау
«Жомарт Жүрек» сыйлығын беруге арналған республикалық конкурстың онлайн дауыс беруі басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл сыйлық елдегі қайырымдылық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан ұйымдары мен азаматтарын анықтауға, оларды көтермелеуге бағытталған.
Байқау «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы» және «Жылдың үздік қамқоршысы» номинациясы бойынша өтеді. Онлайн дауыс беру кезеңі jomartjurek.ruh.kz сайтында 28 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтеді.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 50 лауреат (10 жеңімпаздан 5 номинация) «Жомарт Жүрек» республикалық қайырымдылық сыйлығының лауреаты атағына ие болады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.