$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленді

Аталған рейтингте Қазақстан бір сатыға көтерілді

Қазақстан БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленді

Қазақстан БҰҰ рейтингінде электрондық үкіметті дамыту бойынша 28-орынды иеленді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан БҰҰ UN Global E-Government Development Index рейтингінде «электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-орынды иеленді. Осылайша Қазақстан 29-шы қатардан бір орынға көтерілді.

«Рейтингті шығару барысында БҰҰ сарапшылары электрондық қызметтер мен адами капиталдың дамуын, сондай-ақ телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалайтынын еске сала кетейін. Бұл рейтинг соңғы рет 2020 жылы жарияланған болатын. Біз коронавирус пандемиясына және басқа да қиындықтарға қарамастан, екі жыл ішінде өз көрсеткіштерімізді жоспарлы түрде жақсарта алдық», - деп жазды Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында.

Цифрлық үкіметті дамыту Мемлекет басшысының ерекше бақылауында, Қасым-Жомарт Кемелұлы цифрлық трансформация елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтынын атап өтті.

«Біз осымен тоқтап қалмай, отандық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың сапасын арттыру бағытында тиісті жұмысты жалғастыратын боламыз. Болашақта көшбасшылардың қатарынан көрініп, БҰҰ рейтингінде 20-шы орынды иеленуге тырысамыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Egovkz