Өткен тәулікте Қазақстанда 89 адамнан коронавирус анықталды
COVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында 6 науқас ауыр халде жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 89 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда:
Астана қаласында - 18, Алматы қаласында - 13, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 17, Ақтөбе облысында – 5, Алматы облысында - 0, Жетісу облысында - 0, Атырау облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 0, Абай облысында - 0, Жамбыл облысында - 0, Батыс Қазақстан облысында - 5, Қарағанды облысында - 6, Ұлытау облысында - 1, Қостанай облысында - 8, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 0.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 393 373 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 138 адам аурудан емделіп шықты.
Оның ішінде:
Астана қаласында - 27, Алматы қаласында - 26, Шымкент қаласында - 0, Ақмола облысында - 0, Ақтөбе облысында - 0, Алматы облысында - 3, Жетісу облысында - 1, Атырау облысында - 14, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Абай облысында - 2, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 12, Ұлытау облысында - 3, Қостанай облысында - 18, Қызылорда облысында - 1, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 0, Солтүстік Қазақстан облысында - 9, Түркістан облысында - 0.
Елімізде барлығы 1 378 440 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
28 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 1 366 адам коронавирус инфекциясынан (–1 243+ және 123 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 136 пациент стационарда, 1 230 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.