$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жоғалып кеткен бүлдіршін қызметтік иттің көмегімен табылды

Оқиға 24 қыркүйек күні болған

Павлодарда жоғалып кеткен бүлдіршін қызметтік иттің көмегімен табылды

Павлодарда жоғалған 4 жасар қыз Ника есімді қызметтік иттің көмегімен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні сағат 17.31-де Павлодар полициясына Бөкейхан көшесіндегі үйлердің бірінен 4 жасар қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға дереу полиция қызметкерлері, сондай-ақ инспектор-кинолог Талғат Әубәкіров Ника атты қызметтік-іздестіру итімен жіберілді.

«Жеке құрам, автопатрульдер мен жаяу нарядтар аттанды. Сонымен қатар көшедегі бейнебақылау камералары тексерілді. Ал қызметтік итке баланың белгілері болатындай заттар берілді. Бірнеше минуттан кейін Ника қызметкерлерді 1-қайық станциясына ертіп апарды, онда қайықтардың бірінен жоғалған қыз табылды. Бала анасына тапсырылды», - деп хабарлады қалалық полиция.

Кішкентай қыздың қайықта жасырынып, жалғыз ойнағаны белгілі болды. Анасының айтуынша, демалыс күндері балалар ата-әжесіне қонаққа барып, төртеуі де үйдің ауласында ойнап жүрген. Сағат 16.45 шамасында әжесі немерелерін компот ішуге шақырғанда 4 жасар немересінен басқасының бәрі келген. 40 минуттай қызды өздері іздегенмен нәтиже бермеген, осыдан кейін барып полицияға жүгініпті.

Айта кету керек, аталмыш қызметтік-іздестіру ит полицияда 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бір өзі жоғалып кеткен ондаған адамды тапқан. Сондай-ақ бірнеше ұрлық, тонау және кісі өлтіру ісін ашуға көмектесті.

Серіктес жаңалықтары