$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарды жаңартудың қажеті жоқ – А.Аймағамбетов

Бізде көп оқулықтар 2016, 2017, 2018 жылдары шығарылған

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарды жаңартудың қажеті жоқ – А.Аймағамбетов
Фото ашық дереккөзден

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтарды жаңартудың қажеті жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Брифингте БАҚ өкілдері министрге жаңадан құрылған облыстар мен елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтардың мазмұнын жаңарту мәселесі туралы сұрақ қойды.

«Елорда атауының өзгеруіне байланысты кітаптардың мазмұны жаңартылмайды. Тек осы мәселеге қатысты бүкіл оқулықтарды басып шығарудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізде көп оқулықтар 2016, 2017, 2018 жылдары шығарылған. Біздің елдің балалары, жалпы халқы елордамыздың атауын жақсы біледі. Оқулықтар белгілі бір уақыт ішінде мазмұны жаңартылып, қайта басып шығарылады. Сол уақытта бұл мәселелер ескерілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары