$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ер адам бауырсақ ішіне есірткі салып түрмеге кіргізбек болды

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

ШҚО-да ер адам бауырсақ ішіне есірткі салып түрмеге кіргізбек болды
ШҚО ҚАЖ департаменті

Шығыс Қазақстан облысында ер адам бауырсақ ішіне есірткі салып түрмеге кіргізбек болған. Бұл туралы ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 38 жастағы азамат бауырсақ ішіне есірткі салып Өскемендегі түзету мекемесіне кіргізбек болған.

Қала тұрғынының түрмеге әкелген сәлемдемесінде үш келі бауырсақ болды. Тексеру кезінде жеті бауырсақтың ішінен өткір иісі бар жасыл түсті заттар табылды. Сараптама оның кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұл сәлемдеменің тонау жасағаны үшін тергеуге алынып, апелляциялық соттың шешімін күтіп отырған адамға арналғандығы анықталды.

«Тергеудегі және сотталған адамдармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, олардың туыстары тыйым салынған заттарды түзету мекемелеріне кіргізуге тырысады. Қызметкерлердің қырағылығының арқасында мұндай заңсыздықтың жолы кесілуде. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді ОВ73 мекемесінің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.

Серіктес жаңалықтары